Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесу барысында өңір басшысы елді мекендерге газ тарту жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Қонаев қаласының қазандығы «Жұмыспен қамту жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 2020 жылы газбен жылытуға ауыстырылды.
Биыл Сейфуллин және Қонаев көшелерінің бойындағы жалпы ұзындығы 4,5 км жоғары қысымды газ құбырының құрылысын аяқтау жоспарланды.
Сондай-ақ, Заречное кенті, №1, 2, «Ивушка», 20 шағын аудандарында жалпы ұзындығы 3 км болатын орташа қысымды газ құбырлары мен төмен қысымды газ құбырлары № 4, 1, 2 шағын ауданындарында аяқталмақ.
Сонымен қатар, Заречное ауылындағы орталық қазандықтың қуатын арттыру бойынша ЖСҚ әзірлеуге ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 9,9 млн теңге бөлінді.