Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл ауданының халқы жылдар бойы жол азабын тартып келеді

Жергілікті әкімдік мердігер компаниямен келісіп, Қарғалы ауылына осы жылдың шілдесінде асфальт төсеп беруі керек болған. Бірақ, уәде орындалмай, аталмыш жоспар тағы кейінге шегерілген.

10.09.2022
Қоғам

Мегаполистен 50 шақырым жерде орналасқан елді-мекенде 38 мыңнан астам адам тұрады. Алайда,ауылдың 50 пайызында жол жоқ. Тұрғындардың сөзінше, айнала жазда шаңға, ал көктем, күзде ми батпаққа айналып, жаяу жүруге мүмкін болмай қалады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі kaztrk.kz-ке сілтеме жасап.

«Әкімдік бізге асфальт салынады деп айтқалы 4-5 жыл болды. Құжаттарды көтерсе, төрт рет асфальт салынды, осы жолы бесінші рет деді. Ал мен туып өскелі мына жерде асфальт көрген емеспін», – деді ауыл тұрғыны Сәуле Өмірбаева.

Аудан әкімдігі жол құрылысымен айналысатын мердігер компаниямен келіссөздер жүргізген. Құжат бойынша, осы ауылға биыл шілдеде тас жол төселуі керек еді. Бірақ, жоба жүзеге аспай отыр.

«Бірінші су құбырларын ауылды толық қамтып алғаннан кейін барып жол жұмыстарына кірісеміз деген жоспар болған. Мердігер компаниямен келісімшартқа отырдық. Жұмысты аяқтау 31 қазан айына дейін, жол жұмыстарын жүргізіп беруі керек», – Қарғалы ауылы әкімінің орынбасары Бауыржан Бәшіров.

Ал Қарғалы ауылындағы жол құрылысының кешеуілдеуіне басты себеп – битум тапшылығы дейді компания өкілдері. Жылдар бойы жол азабын тартқан қарғалылықтарға күтуден басқа амал жоқ. Өйткені, жұмыстар кейінге қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz