Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында оқушыны зорлаған күдікті ұсталды

Сарыағаш ауданында көрші ауылдың тұрғыны оқушы балаға зорлық-зомбылық көрсеткен деген күдікке ілінді. Бұл туралы құқық қорғаушыларға баланың анасы мәлім еткен, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

14.09.2022
Қоғам

«Бұл жағдайға байланысты Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі анықтау жұмыстарына бірден кірісті. Оның сабаққа бару кестесі 9:00-14:00-ге дейін. Оқиға сабақтан тыс уақытта орын алған. Қазір мамандар жергілікті полиция бөлімімен бірлесе жұмыс атқарып жатыр. Жәбір көрген оқушы өзінің үйінде және мектеп психологтарының бақылауында», — деді адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары.

Кәмелетке толмаған баланың анасы Сарыағаш АПБ-ға 12 қыркүйек күні арызданған. Оқиға орнына Сарыағаш АПБ-нің басшылығы, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері барған.

«Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, жас жігітті ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — дейді Түркістан облысының полиция басқармасы.

Айта кетейік, бұл жайт ҚР ҚК-нің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді.

Тегтер: зорлық-зомбылықоқушыСарыағаштүркістан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz