Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Талғар ауданындағы №25 мектепке оқуға 700-ге жуық бала тіркелді

Аталған мектеп 1200 оқушы орнына арнап салынған. Қазіргі таңда 700-ге жуық оқушыдан өтініш түсті. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлыға Сәдуақасова Alataunews.kz тілшісіне айтты.

31.08.2022
Қоғам

«Ертең, 1-қыркүйек күні мектептің тұсауы кесіледі. Салтанатты шараға Алматы облысы Білім басқармасының басшысы Салтанат Дауыспекқызы қатысады», — дейді бөлім басшысы.

Оның айтуынша, әзірше, бала саны 669. Қазақ сыныбына 378 оқушы, орыс сыныбына 291 оқушы өтініш берген. Балалардың аз болуының себебі оқушыларды тасымалдайтын автобус мәселесі шешімін әлі таппаған.

«Мектеп 1 ауысымда жұмыс істейді. Бірақ, алдағы уақытта бала саны бірден көбейіп кетуі мүмкін. Себебі, «мектепке қабылдау тек 1-қыркүйекке дейін ғана жүргізіледі деген» заң жоқ. Өздеріңіз білетіндей, оқушылар қалаған жеріне, қалаған уақытында оқуға баруға, мектеп ауыстыруға құқылы», — деді Қарлыға Сәдуақасова.

Білім бөлімі басшысының хабарламасына сүйенсек, қазақ сыныбы мен орыс сыныбына шамамен теңдей оқушы өтініш берген. Осыған байланысты мектеп екі тілде білім береді.

«Мектеп төңірегінде түрлі қоғамдық пікір тудырып жатқан ақпараттар әлі де әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Десе де, балалардың онлайн карточкасы жасалып, автобуспен тегін қатынау мәселесі шешілгенде бала саны көбейеді деп болжап отырмыз», — деді Қарлыға Сәдуақасова.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін аталған мектеп жайлы қоғамдық резонанс жайлы жазып, құрылысына байланысты ақпарат берген болатынбыз.

Тегтер: мектепоқу жылыТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz