Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да бір тәулік ішінде 57-ден аса өрт оқиғасы тіркелген

Өңірде жалпы өрт аумағы 2 мың гектардан асқан. Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер түні бойы шөп өртін сөндірген. ШҚО ТЖД бөлімшелері бір тәулік ішінде 57-ден аса өрт оқиғасына шақыртылған, деп хабарлайды Alataunews.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

10.10.2022
Қоғам

Қазіргі таңда аймақтағы өрттердің басым бөлігі өшірілген.

«Зайсан, Глубокое, Ұлан аудандарында, оның ішінде Алтай мен Өскемен қаласында үйлестірілген іс-қимылдар нәтижесінде өрттер сөндірілді. Ұлан ауданының Герасимовка ауылында және Каменка ауылдық округінің Борсақ учаскесінде, Алтай ауданындағы Серебрянск қаласында және Өскемен қаласында Машина жасаушылар көшесінде (Согра ауданы) өрттер толық сөндірілді», — делінген ТЖД хабарламасында.

Бүгінгі таңда Күршім ауданында Пугачев орманшылығы мен Маралды ауылдық округінің аумағында Үшбұлақ ауылынан 14 шақырым жерде өртпен күрес жалғасып, аумағы анықталып жатыр.

«Өңірдегі өрттердің алдын ала болжам бойынша ауданы 2000 гектардан асты», — делінген хабарламада.

​​ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, тұрғын және саяжай үйлерінің аумағындағы шөптер мен өрттердің негізгі пайызы аймақтағы ыстық және құрғақ ауа райынан, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзудан туындаған. Өртті сөндіру жағдайын екпіні 20 м/с дейін қатты соққан жел қиындатты. Құтқарушылар облыс аудандарында дауылдың алдын алу және өрт қаупі туралы алдын ала хабардар еткен болатын.

Өртті сөндіруге ЖАО, ұйымдар, шаруа қожалықтарының күштері мен құралдары да тартылған. Барлығы 120 бірлік техника және 700-ге жуық адам, оның ішінде: ШҚО ТЖД, ЖАО, орман мекемелері, Ұлттық Ұлан, ҚР Қорғаныс министрлігі, ШҚО әкімдігінің МИ-8 тікұшағы бар.

«ШҚО ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Қырағы болыңыз. Үйлердің аумағын құрғақ шөптер мен қоқыстардан уақтылы тазалаңыз. Тұрғын үйлердің жанында қоқысты жағуға болмайды. Желді ауа-райында от жағуға болмайды. Ешбір жағдайда шөпті өртеуге жол бермеңіз. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз», — дейді ТЖД өкілдері.

Тегтер: оқиғаөртШҚО

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz