Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда жұмыс жасайтын шетелдіктердің 16 мыңнан астамы қытай азаматтары

2022 жылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 16 027 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

31.08.2022
Қоғам

Шетел жұмыс күшін ( ШЖК) тартуға рұқсат берілген мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 596 адамға рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 137 адамға рұқсат (екінші санат). Шетелдік жұмыс күшінің үшінші санатына мамандар (8037 адам) және төртінші санатына білікті жұмысшылар (1070 адам) жатады. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 456 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 731 адам тартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандық 1762 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін пайдаланып отыр. Оларда 397 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97%.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 566 адам, Түркия – 1 822 адам, Үндістан – 1 724 адам, Өзбекстан – 1 566 адам, Ұлыбритания – 1 193 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі.

Осы жылғы қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау үшін министрлік шетел жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 адамға (16%) қысқартты.

Тегтер: жұмысҚазақстанҚытай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz