Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда базалық мөлшерлемесі 5 пайыздан аспайтын ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 5 пайыздан аспайтын ипотекалық несиелерді субсидиялау жобасы іске қосылмақ. Бұл туралы Alataunews.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

20.09.2022
Қоғам

Ведомствоның хабарлауынша, негізгі алғышарттар бойынша несие мерзімі 240 айға дейін (20 жыл) болады. Бастапқы төлем сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 20 пайызын құрауы тиіс. Жылжымайтын мүлікті бастапқы нарықта немесе бірыңғай оператордың кепілдігімен қамтамасыз етіліп салынып жатқан ғимараттардан алуға болады.

Несиенің максималды сомасы аймаққа байланысты:

  • Астана мен Алматыда – 35 млн теңгеге дейін;
  • Ақтау, Атырау және Шымкентте – 25 млн теңгеге дейін;
  • Қарағандыда – 20 млн теңгеге дейін;
  • басқа аймақтарда 15 млн теңгеге дейін болады.

Бұл несиелер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7% құрайды.

«Қазіргі уақытта бағдарламаның шарттары банктермен және мемлекеттік органдармен егжей-тегжейлі талқыланып жатыр және өзгертілуі мүмкін», — деп хабарлады аталған министрлік.

Ведомство Ұлттық банктің ипотекалық несиелендіру нарығынан біртіндеп шығып жатқанын түсіндірді. Осылайша, «Баспана хит» бағдарламасы бойынша 609 млрд теңге, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 триллион теңге игерілу кезеңінде. Екі бағдарламаға бөлінген сома шегіне жеткеннен кейін ары қарай қаржыландырылмайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда танымал ипотекалық бағдарламалардың жабылуына байланысты тұрғын үй нарығында жағдай шиеленісуі мүмкін. Тұрғын үй құрылысының ағымдағы көлемі кезінде жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 2023 жылдан бастап жалпы сомасы 430-450 млрд теңгеге немесе 34-35 мың пәтерге ипотекаға сұраныс жоғары болуы мүмкін. Ведомство тапшылықтың негізгі себебін банктерде нарықтық ипотеканың болмауымен түсіндіреді.

Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алуға алынатын зейнетақы жинақтарының көлемі қысқарып жатыр. Осы себептерге байланысты ипотеканы субсидиялау бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Тегтер: ипотекаҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz