Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстан көктемгі тасқынға дайын емес — Юрий Ильин

Қазақстан көктемгі тасқынға дайын емес. ТЖМ Юрий Ильин ел бойынша 127 мыңнан астам үй су басу қаупі бар аймақта орналасқанын айтты.

24.01.2023
Қоғам

Үкімет отырысында көктемгі тасқынның алдын алу шарасы қаралды. ТЖМ Юрий Ильин «Қазақстан көктемгі тасқынға дайын емес» деп бірден мойындады. Қауіпті аймақта 127 мыңнан астам үй Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарғанды, Қостанай облысында орналасқан.

Министрдің айтуынша, былтырғы талдау нәтижелері бойынша, су тасқынының негізгі себептері — өзен арналарының балдырлануы мен лайлануы, арық жүйелердің болмауы, су қорғау аймақтарында тұрғын үйлердің салынуы. Юрий Ильиннің айтуынша,  су тасқынына қарсы іс-шараларды атқаруда жергілікті әкімдіктер дұрыс жұмыс істемейді.

«Әкімдіктер 2022 жылға көзделген Жол картасының барлық іс-шараларын іске асырған жоқ. Бүгінде 15,6 миллиард теңгеге 41 іс-шараны іске асыру аяқталған жоқ. Бұған жергілікті бюджеттерден қаражаттың бөлінбеуі немесе уақытылы бөлінбеуі ықпал етті. Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша, елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақытылы шығарылуы, су айдау құралдарының болуы және өзендердегі мұздың әлсіреуі  маңызды», – деді ҚР ТЖМ Юрий Ильин.

Министрдің болжамына қарағанда, наурыз айында Оңтүстік өңірлерде су тасқыны басталады. Қазір сол аймақтағы билік дамбалар мен арықтарды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, Индустрия министрлігі республикалық жолдың 387 учаскесін де су басуы мүмкін екенін айтты. Аталған аумақтарға 500-ге жуық техника бекітілген екен.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауапты министрліктер мен жергілікті әкімдіктерге көктемгі су тасқынына дайындықты қазірден бастауды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Әлихан СмайыловТЖМүкіметюрий ильин

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz