Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мақұлданды.

20.09.2023
Қоғам

Заң жобасы жайлы депутат Берік Бейсенғалиев баяндады.

«Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2023 жылғы 23 мамырда оған бастамашы болған Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсынуына сәйкес енгізілді. Заң жобасының негізгі мақсаттары кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау болып табылады. Жыл сайынғы аударымдарды есептеу үшін Ұлттық қордың есепті жылға дейінгі 18 жылдағы орташа жылдық кірістілігі пайдаланылады», — деді ол.

Бейсенғалиев атағандай, ол қысқа мерзімді құбылмалылықтың ұзақ мерзімді кірістілікке әсерін азайтады.

«Бала 18 жасқа толғанға дейін есепке жазылған қаражат Ұлттық қорда болады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Бұл қаражат 18 жасқа толған кезде ғана баланың төлемдерді талап ету құқығын білдіреді. Ұлттық қордан қаражатты алу бала 18 жасқа толған кезде аудару мен пайдалануға қажетті сомада және жинақталған қаражат шегінде жүргізілетін болады. Нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есепке алуды және есепке жатқызуды, нысаналы жинақтарды төлеуді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын болады.Жұмыс тобына 100-ден астам ұсыныс келіп түсті, олар мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының тоғыз отырысында, Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды», — деді ол.

Оның айтуынша, заң жобасын қарау барысында жұмыс тобының отырыстарында жекелеген нормаларды жетілдіру мақсатында бірқатар түзетулер қабылданды.

Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.

Тегтер: Ұлттық қор

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz