Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

ІІМ казино ойнаған полицейлерге қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Мемлекеттік қызметшілер істері агенттігі де тексеру жүргізеді.

02.11.2022
Қоғам

Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжанов казинода бәс тігіп, тұрақты қонақ болған ІІМ-нің 97 қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Олардың әрқайсысы заң алдында жауап береді. Бұл адамдарға қатысты тергеу басталды. Кейбірі қызметінен босатылды. Істің барлық мән-жайы анықталатын болады», — деді Астанада журналистердің сұрағына жауап берген министр.

Министрдің айтуынша, құмар ойынға тәуелді болған мамандар мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін ғана емес, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кодексін де бұзған.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер істері агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған фактілер бойынша тексеру жүргізіп жатқаны жайлы мәлімдеді.

«Заң бұзушылық әрекеттері белгілі болған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», — делінген агенттік хабарламасында.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сүйенсек, жұртшылық күйін күйттейтін мамандар өз жұмысына, биліктің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге бармай, этикалық нормаларды сақтай отырып, халық пен мемлекет мүддесіне қызмет етуі тиіс.

Бұған дейін Бас прокуратура тексеру жүргізіп, казиноға 507 млн теңге ұтылған 305 мемлекеттік қызметшіні анықтады. Оның ішінде ІІМ-нің 97 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 95 өкілі, Қаржы министрлігінен 25 адам, Жоғарғы Соттың 7 қызметкері, қаржы мониторингі агенттігінің құрылымынан 15 адам, АнтиКордан 3 қызметкер және аймақтардан 36 шенеунік бар.

Ал Алматы облысы прокурорының көмекшісі Мақсат Абиров болса тиісті шара қолданылуы үшін прокуратураның ойынханаға барған мамандар тізімін құзіретті органдарға жібергенін айтады.

«Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жарияланған бұл ақпарат прокуратуранікі екені рас», — деді Мақсат Абиров.

Алайда прокурор көмекшісі аталған тізімде прокуратура, ҰҚК қызметкерлері бар ма деген сұраққа тұшымды жауап бере алмады.

«Бұл мәселе бойынша бізге бөлек келе аласыз. Себебі қазіргі уақытта менің қолымда ешқандай ақпарат жоқ. Жеке қабылдауға жазылсаңыз, сізге мәлімет береміз», — деді Алматы облысы прокурорының көмекшісі Мақсат Абиров.

Сондай-ақ ол казиноның тұрақты қонағына айналған мамандар тізімінде кімдер бар екенін білмейтінін айтты.

«Қойылған екінші сұрағыңызға да жауап бере алмаймын. Себебі, тізімді көрмедім. Мұнымен басқа бөлімдегілер айналысқан», — деді Мақсат Абиров.

Тегтер: ойынханапрокуратура

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz