Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

«Ер шекіспей, бекіспейді» — Төреғали жұдырық жұмсаған жігітпен татуласты

Әнші Төреғали Төреәлі "Көлсай көлдері" табиғи паркінде өзі ұрған гид Бекарыс Қожбановпен мәмілеге келгенін жариялады. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

05.10.2022
Қоғам

«Ер шекіспей, бекіспейді» деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік. Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік. Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған алаш жұртына көп рахмет!», — деді ол.

Әнші сондай-ақ Бекарысты туған күнімен құттықтады.

«Қызық болғанда, бүгін Бекарыс бауырымыздың дүниеге келген күні екен.
Ғұмырың ұзақ, өмірің берекелі болсын інім!
Бір басың екеу болып, адал жар некең болып,
Келінді анаң көріп, тойыңды әкең көріп.
Әке болып ақ әжеңе шөбере әкел беріп.
Сол тойда мен жүрейін бұйырса көкең болып!», — деп тілегін өлеңмен жеткізді Төреғали Төреәлі.

Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте «Көлсай көлдері» ұлттық саябағының аумағында болған. Әлеуметтік желіде Төреғали Төреәліден соққы көрдім деген жігіттің видеосы тарады.

30 қыркүйекте әншінің әрекетіне қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Содан соң Төреғали Төреәлі 10 млн теңге кепілақы төлеп, бостандыққа шыққан болатын.

Тегтер: оқиғаТөреғали Төреәлі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz