Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

«Еңбек-Қызылжар» РМК басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды

Шенеунік сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін пара талап еткен, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

31.08.2022
Қоғам

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 23 тамызда «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалының басшысын жеке кәсіпкерден пара алып жатқан кезде ұстады.

«Ол сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кедергісіз қол қойғаны үшін ірі сома талап еткен», — деп нақтылады Антикор.

Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Кінәсін толық мойындағанын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеуді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді. Ұсталған шенеуніктің кінәсінің дәрежесін сот анықтайды.

Тегтер: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіпара

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz