Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Елімізде автокөлікке арналған мемлекеттік VIP нөмірді онлайн таңдауға болады

Қазақстандықтар үшін сұранысқа ие қызметтердің бірі «беделді» нөмірлерді сатып алу болып отыр. Өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған.

30.05.2023
Қоғам

Осындай нөмірлерді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және брондау бойынша тиісті сервис әзірледі.

«Бұл сервис Цифрлық даму министрлігінің «Smart Bridge» сервистер витринасында орналастырылған. Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформаларда, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр.

Өткен жылдардағы талдау көрсеткендей, бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымшалар арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ, автокөліктерді тіркеу кезінде онлайн-режимде «беделді» нөмірлерді таңдауға және брондауға мүмкіндік береді.

ІІМ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Тегтер: VIP нөмірҚазақстанонлайн

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz