Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Депутаттар алаяқтардың жарнамасын жариялайтын әлеуметтік желі топтарын бұғаттауды сұрады

2022 жылы банктен несие әперемін деген желеумен алаяқтар 3022 адамды сан соқтырған.

10.05.2023
Қоғам

Еліміздің заңнамасына сәйкес, кез келген ұтыс ойындары лотерея операторымен келісіліп жүргізілуі керек. Бұл туралы мәлімдеген мәжіліс депутаттары осы мәселеге тосқауыл қоюды сұрады.

2022 жылы банктен несие әперемін деген желеумен алаяқтар 3022 адамды сан соқтырған. Биыл үш айда 475 факт тіркелген.

«Бүгінде елімізде 239 микроқаржы ұйымы бар. Банктен несие рәсімдей алмаған аңқау халықты делдал-алаяқтар құрыққа оңай түсіріп, осындай ұйымдарға алып келеді. Тығырыққа тірелген адамның мойнына жүздеген пайыздық несие рәсімделеді», – деді Amanat фракциясының мүшелері.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерге кешенді тексеру жүргізіп, онлайн жарнаманы алаяқтық мақсатта пайдаланатын топтарды бұғаттауды ұсынды.

«Әлеуметтік желілерде заңсыз ұтыс ойнатып, аңғал адамдардың ақшасын сыпырып алатын алаяқтарға да тосқауыл болмай тұр. Мұны өздері ГИВ деп атайды. Мәселен, соңғы уақытта әлеуметтік желіде 10 мың теңгеге билет сатып, халықты пәтер, автокөлік ұтысын ойнатуға үгіттейтіндер көп. Бұл – заңсыз әрекет, яғни алаяқтық қылмыс. Еліміздің заңнамасына сәйкес, кез келген ұтыс ойындары лотерея операторымен келісіліп жүргізілуі керек. Басқасының бәрі заңсыз», – деді депутаттар.

Тегтер: алаяқтықәлеуметтік желідепутатжарнама

Соңғы жаңалықтар

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz