Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бұл күн 1997 жылы 31 мамыр тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің арнайы жарлығымен бекітілген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
31.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде: «Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз», деген болатын.

Қазақ халқының тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат.

Еске салсақ, Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар.

1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданған болатын. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды. Бұл шаралар әлі де жалғасып келеді.

Айта кетейік, өткен жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия бірқатар қорытындыларын жариялаған болатын. Онда 311 мың адамның ақталып, мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан алынғаны айтылды.

Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен  қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес.

Бұл — тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың  ұлағатты ісі.

Тегтер: 31 мамырашаршылық құрбандарын еске алу күніБасты жаңалықтарсаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz