Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Биыл түлектердің 82 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді 

Биыл 172 мың мектеп бітірушінің 82 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді. Бұл ақпаратты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

22.05.2023
Қоғам

«Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды. Бұл ретте 2 мүмкіндік үшін бейінді пәндердің бір ғана комбинациясы белгіленген. ҰБТ тапсырудан бір күн бұрын, өткен жылдан бастап енгізілген жаңалық бойынша, әр ата-анаға, тіркелушіге SMS хабарлама жіберіліп отырады», — деді ол.

Руслан Тоқтарбекұлының сөзінше, қазіргі таңда талапкерлердің 18 пайызы – математика-физика, 17 пайызы – биология-химия, 13 пайызы – шығармашылық, 10 пайызы математика-информатика комбинациясын таңдап отыр. Жылдағыдай ең аз таңдалатын комбинация – химия-физика, яғни оған тек 218 бала ғана таңдау жасаған.

«Тестілеуге кіргізу кезінде қол және металл іздегіш құрылғылар пайдаланылады. Бұл талапкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ережелерді бұзу мен тыйым салынған заттарды алып өтудің алдын алу үшін қажет. Тестілеу барысында аудиторияны және бейнебақылаудың ауданына байланысты рұқсат етілген магниттік толқын шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар қолданылады», — деді директор.

Тегтер: өтінішталапкерҰБТ

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz