Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Автобустағы әкім: рас па?

Талдықорған қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде тарап кеткен Әсет Масабаевтың автобуста отырған суретін растады.

21.06.2022
Қоғам
@taldycorganec.insta

@taldycorganec.insta

Талдықорған қаласының тұрғындары әкім Әсет Масабаевқа қала көлігінің саяжай алаптарына қатынауының қолайсыздығына шағымданды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 227-4 және 227-8 бағыттарының интервалына қатысты шағымдар түскен. Азаматтардың айтуынша, бұл бағытта автобустар өте аз жүреді. Тұрғындарды тыңдап болған соң, әкім қоғамдық көліктің сапасын тексеруге шыққан. Қала басшысы ыңғайлы киім киіп, аталған бағыттар бойынша саяжай тұрғындарымен бірге жүріп өтіпті.

«Бұл суретте Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев бейнеленген. Еңбек ауылының, «Жастар-2» және «Ынтымақ» алаптарының тұрғындарымен кездесуден кейін әкімге қоғамдық көлік туралы көптеген шағымдар келіп түсті. Осыдан кейін қала әкімі ешкімге ескертпей аталған бағыттарды аралап шықты», — деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

Айта кетейік, қоғамдық көлікте отырған әкімнің суреті әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.  Қала тұрғындары фотодағы ер адам әкімге ұқсайтындығын айтты. Баспасөз хатшысы Мәди Шакеновтың айтуынша, Әсет Масабаев қоғамдық көлікпен тасымалдау сапасын тексеру мақсатында мұндай құпия рейдтерге жиі шығатын көрінеді.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz