Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Атырауда туристік фирма 50-ден астам адамды алдаған

Атырауда 50-ден астам адамды алдаған туристік фирмаға қатысты тергеу басталды. Туристік фирма жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

29.08.2022
Қоғам

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, туристік фирмаға қатысты 18 адамнан шағым түскен.

«Зардап шеккендер жәбірленуші ретінде танылып, жауап алынды. Жәбірленушілердің мәліметіне сәйкес, туристік фирманың директоры Алматы қаласында емделуге кеткен. Қазір туристік фирмаға қатысты тергеу басталды. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлімінің 3-тармағымен жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Туристік фирмаға 50-ден астам адам алданған. Атыраулық туристер Түркия мен Египетке, Грузияға жолдама сатып алған. Алайда, олар демалысқа ұша алмай қалған. Оларға ақшасы қайтарылмаған. Алданғандардың айтуынша, туристік фирма 100 млн теңге қайтаруы тиіс.

«Менің жұбайыма 26 тамызда туроператор Светлана қоңырау шалып, кеңсеге шұғыл жету қажеттігін айтты. Жұмыстан шығып, кеңсеге барған оған турфирма директоры Марта жолдамалар ақысын төлемегін, оның байланысқа шықпағаны туралы хабарлаған. Осы кезде туристік фирманың кеңсесінде осындай қиындықтарға тап болған басқа адамдар да болды. Біз WhatsApp чатын құрдық. Онда шамамен 30 адам бар. Олардың бәрі балаларымен демалысқа баруды жоспарлаған», — дейді қала тұрғынының бірі А.С.

Ол отбасымен Атыраудан Египетке 31 тамызда ұшып кетпек болған. Жолдаманың құны 1 млн 500 мың теңгеден асады. Жергілікті туристерді алдаған туристік фирма қызмет көрсету нарығында үш жылдан бері қызмет көрсетеді. Туристік фирма 2018 жылы құрылған.

«Біз осы турфирмаға жүгінген едік. Өйткені 2021 жылдың қазан айында осы турфирма арқылы жолдама алғанбыз. Сол кезде жақсы демалған болатынбыз. Бұлай болады деп ойлаған жоқпыз. Туристік фирма қызметкерлері «Ештеңе білмейміз. Директор байланысқа шықпады», — деді тағы бір жәбірленуші.

Тегтер: қоғам

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz