Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысындағы Тереңқара өзенінің бойы қоқыс полигонына айналып барады

Бұлай жалғаса берсе экологиялық апатқа ұшыраймыз деп дабыл қаққан жұрт заңсыздықты тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Almaty.tv жазған ақпаратқа сілтеме жасап.

03.09.2022
Қоғам
Almaty.tv

Almaty.tv

Первомай тоғандарына барып құйылатын Тереңқара өзенінің бойы қолдан жасалған қоқыс полигонына айналып барады. Алматы облысына қарасты «Дружба» саяжайының халқы жерді иеленіп алған пысықайлар жасыл желекті алқапты қоқыс төгетін жерге айналдырғанын айтады.

Олардың айтуынша, бұл полигонға қалдықтар бүкіл ауданнан және тіпті жақын аймақтардан жеткізіледі. Тұрғындар өзенді мұндай сұмдықтан құтқару туралы өтінішпен жергілікті билікке жүгінген. Бұрын бұл жерде балалар футбол ойнаған. Енді бұл маң биіктігі он метрден асатын қоқыстан көрінбейді. Құрылыс және қатты тұрмыстық қалдықтар тау болып үйіліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, мұнда қоқыс әкелетін жүк көліктерінің шаңдатқанынан үйлер көрінбей қалады.

«Өткенде өртенді. Өрт сөндіру көлігі әрең келіп, өшірді. Бізбен хабарласпайды. Қожайыны бар дейді. Белгісіз, Жанболат, Абай, Болат деген жігіт менікі дейді», – деді «Дружба» бау-бақша тұтынушылары кооперативінің төрағасы Нұржан Қабдуәлиев.

Қоршаған ортаны ластап, халықты әбігерге салып жүргендердің кім екеніне қатысты әкімдіктегілер жауап бере алмады.

«Біз құжаттарды толығымен тексереміз. Қожайындарын шақырамыз. Олар ескерту алды. Бұдан кейін айыппұл салынады. Жалпы, біз оны тоқтатуға уәде береміз», – деді Казцик ауылдық округі әкімінің орынбасары Айсұлу Италмасова.

Дегенмен полигонның иесі кім деген сұрақ жауапсыз қалды. Ал тұрғындар жағдайды өз қолымызға аламыз деп отыр.

Тегтер: қоқысполигонТереңқара

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz