Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

«АИ-95 тапшылығы болмайды»: министрлік жұртты сабырға шақырды

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанда АИ-95 бензиннің тапшылығы туындамас үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді.

26.09.2023
Қоғам

Оның айтуынша, бүгінде Ресейден 40 мың тонна АИ-95 маркалы бензинін жеткізу бойынша келісім бар.

«Біз РФ Энергетика министрлігіне осы индикативті балансты 70 мың тоннаға ұлғайту туралы хат жолдадық, яғни бұл – шамамен 110 мың тонна болады деген сөз. PETROSUN компаниясының қажет бензинді жеткізбеуіне тоқталайын. Келісімшарт Ресейдің Энергетика министрлігінің өтініші бойынша 1 айға шегерілді. РФ-да АИ-95 бензині мен дизель бойынша жағдай оңай емес. Ресейдің оңтүстік өңірлерінде бензин мен дизель жоқ. Тіпті, ол өңірлерде егін жинау науқаны тоқтап қалуы мүмкін. Біз (ресейлік) әріптестерімізді түсінеміз», — деді Ерлан Ақкенженов Энергетика министрлігінде өткен брифингте.

Вице-министр Ресейден алынатын бензин сақтық үшін жасалып отырғанын атап өтті.

«Биыл қазанда еліміздегі АИ-95 бензинінің өндірісі 65 мың тонна болуға тиіс. Жоспар бойынша біз 80 мың тонна (АИ-95 бензинін) тұтынуымыз керек. Бірақ  қыркүйектегі (бензин) қалдығын қосып есептесек, болжам бойынша қазанды тапшылықсыз өткізе аламыз. Энергетика министрлігінің болжамынша, АИ-95 маркалы бензинінің тапшылығы болмауы керек», — деді ол.

Сондай-ақ Ерлан Ақкенженов елімізде қанша бензин қоры барына тоқталды.

«Бізде бензиннің жеткілікті қоры бар. Авиациялық бензин шамамен 2 айға, АИ-92 бензині 2 айдан аса уақытқа, дизел отынының қоры нақты 36 күнге, АИ-95 бензині шамамен 24 күнге жетеді. Сондай мұнай өңдеу зауыттары да өнімді өндіреді», — деп түйіндеді сөзін министрдің орынбасары.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz