Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақтың спортшы жылқыларын дамыту жолға қойылды

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қазақтың спорттық жылқы тұқымын сақтауға және көбейтуге бағытталған түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
22.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Фото: kf.spbgau.ru

Фото: kf.spbgau.ru

Заң жобасының негізгі мақсаты – отандық спорттық жылқылардың тұқымын қалпына келтіру және олардың асыл тұқымдық қасиеттерін мемлекеттік қолдау арқылы жақсарту.Түзетулер ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаровтың бастамасымен ұсынылған. Былтыр маусымда депутат бұл мәселені Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында көтерген.1969 жылы елімізде 44 мыңнан астам «Қостанай» жылқы тұқымы тіркелген, яғни барлық асыл тұқымды жылқылардың жалпы санының 9,7 % құраған. Алайда бүгінде «Қостанай» жылқы тұқымының ресми тіркелген саны 270 бастан аспайды, ал «Адай» жылқы тұқымының 1300 басы тіркелген.
  • «Қазақстанда сүт және ет бағытындағы асыл тұқымды жылқыларды өсіру жағынан қолдау көрсетіледі. Бірақ ат спорты түрлерін дамытуға ешқандай қолдау қарастырылмаған. Ең өкініштісі, ұлттық спорт түрлерінен біздің спортшылар қырғыз, орыс және басқа елдерден сатып алынған аттарды мініп, ең жуйріктері Өзбекстанға сатылып кетеді. Осыған байланысты біз отандық жылқы тұқымын сақтау мен өсімін молайтуға бағытталған Заң жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдадық. Атап айтқанда, екі тұқымды ерекше атап өтеміз: «Қостанай» және «Адай», олар өздерінің құндылығын дәлелдеген. Асыл тұқымды жылқыларды қолдау және өсіру арқылы ұлттық спортты дамыту қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрінің дамуына жақсы серпін береді», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Respublica партиясының парламенттік фракциясы мен бір топ пікірлес депутаттар бастамашы болған заң жобасымен «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Түзетулер асыл тұқымды орталықтардың шетелдік селекцияның спорттық бағытындағы асыл тұқымды айғырларды сатып алу, асыл тұқымды аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу, оларды ұстау бойынша шығындарды өтеуді көздейді.

Аталған қолдау тетіктері отандық спорттық бағыттағы жылқы тұқымдарын дамытуға жағдай жасап, бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге алу сынды ұлттық ат спорты түрлерін бұқаралық дамытуға ықпалын тигізеді.

 

Фото: olympic.kz

Тегтер: отандық жылқыларспорт бағытындағы жылқылар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz