Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Қазақтелеком» АҚ-ның «iD Net» қызметі бойынша интернетке кіру үшін ONT құрылғыларын жалға беру бойынша қызметін тексеру барысында абоненттерге қосымша жабдықты (модем) жалға беру белгілері (міндетті түрде) бар екенін анықтады.
Акционерлік қоғамның ақпараты бойынша G-PON желісінің OLT стационарлық жабдығы мен абоненттерге акционерлік қоғам міндетті түрде жалға беретін клиенттік жабдық арасында әрбір өндіруші OMCI өзара іс-қимылының меншікті (авторлық құқықпен қорғалған) хаттамасын қолданады. Осылайша, клиент стационарлық өндірушімен бірдей жабдыққа ие бола отырып, оны пайдалана алмайды, өйткені акционерлік қоғам өзінің жабдықтарын «абонентке міндетті түрде жалға береді».
Акционерлік қоғамның бұл әрекеттерімен клиенттің интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін алу үшін өзінің сертификатталған абоненттік құрылғыларын пайдалану құқығына қатысты 24.02.2015 жылғы №171 байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында белгіленген нормалары бұзылды.
Демек, акционерлік қоғамның іс-әрекеттерінде Департамент бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін, атап айтқанда тұтынушылардың заңды құқықтарына нұқсан келтіретін үстем жағдайды теріс пайдалану іс-қимылын байқады.
Осыған байланысты, акционерлік қоғамға анықталған белгілерді жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жіберілді, оның ішінде тұтынушыларға өз жабдықтарын пайдалануға мүмкіндік беру туралы ескертпе де бар.
Акционерлік қоғам хабарламаны орындады. Ал, абоненттердің өз жабдықтарын пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті ақпарат мекеме сайтында орналастырылған.