Конституцияға сәйкес, Тоқаев биліктегі «Аманат» саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.
«Егер мақұлданса, мемлекет басшысы келісім беру үшін премьер-министрдің кандидатурасын парламент мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келіссе, президент бұл қызметке жаңа премьер-министрді тағайындайды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы үкіметінің құрамын қалыптастыру процесі басталады», — деді Берік Уәли.