Елшілік барлық азаматты әуе шабуылы туралы ескертуге құлақ асып, дереу пана табуға, жеке басының қауіпсіздігін ойлауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Украинадан кеткісі келетін қазақстандықтар Польша немесе Молдоваға өтіп, әрі қарай коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Елшілік Молдоваға кіру үшін виза қажет еместігін, ал Польшаға Шенген визасымен ғана кіре алатынын ескертеді.
Украинада төтенше жағдайға тап болған қазақстандықтар елшіліктің консулдық бөліміне немесе сенім телефонына хабарласа алады: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031, +380673470408