Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстаннан шығарылған ресейліктер шекараға дейін жеткізілді

Полицейлер әкімшілік соттың Қазақстан заңнамасын бұзған Ресей азаматтарын шығарып жіберу туралы шешімін орындады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

05.10.2022
Жаңалықтар

«Полиция қызметкерлері «Сырым» шекара бекеті арқылы екі ресейлікті елден шығарды. Сонымен қатар төбелеске қатысқан тағы екі ресейлік әкімшілік қамаққа алу мерзімі аяқталғаннан кейін ҚР аумағынан шығарылады», — делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, 30 қыркүйекте Орал қаласында түнгі клубтардың бірінің жанында ішімдік ішкен ресейлік азаматтардың арасында жаппай төбелес болды.

Жанжалға қатысы бар азаматтар полицияға жеткізілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 (ұсақ бұзақылық), 440 (қоғамдық орындарға масаң күйде келу), 437 (тыныштықты бұзу) баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Оралдың мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Ресей Федерациясының екі азаматына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін сот төбелеске қатысушылардың барлығын елден шығару туралы шешім қабылдады.

Тегтер: Қазақстаншекара

Соңғы жаңалықтар

Какие районы Алматинской области показали наибольшую явку на референдум

Николай Иващенко
16.03.2026

ИКСИ «Социс-А» объявил результаты экзитпола на референдуме по принятию новой Конституции РК

Николай Иващенко
16.03.2026

Из маленьких историй сложился большой день

Николай Иващенко
16.03.2026

Референдум – 2026: озвучены предварительные итоги

Николай Иващенко
16.03.2026

Какая погода будет на этой неделе в Алматинской области

Николай Иващенко
16.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz