«7-20-25»-тің орынына жаңа бағдарлама бастау алса, оның шарттары мынадай болмақ:
- бастапқы жарна – 20 пайыздан басталады;
- қарыздың ең жоғары сомасы – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 35 млн теңгеге дейін;
- қалған өңірлерде – 25 млн теңгеге дейін;
- қарыз алушы үшін жылдық мөлшерлеме – 11-12%;
- несие мерзімі – 20 жылға дейін.
Ал Krisha.kz сарапшылары «12-20-20» ипотека бағдарламасымен әртүрлі бағадағы тұрғын үйлерді мысалға ала отырып, оның әрқайсысын сатып алу үшін қанша қаражат қажет болатынын есептеп көрді.
- Пәтер бағасы – 43 млн 750 мың теңге.
Аталған бағдарлама бойынша сатып алуға болатын ең қымбат объекті осы болмақ.
- ипотека – 35 млн теңге;
- алғашқы жарна – 8,7 млн теңге;
- ай сайынғы төлем – 385,4 мың теңге;
- алғашқы жарнаны қосып есептегенде қажет болатын барлық сома – 101,2 млн теңге;
- үстінен төлейтін сома – 57,5 млн теңге;
- отбасының ортақ табысы – 770 мың теңгеден кем емес.
- Пәтер бағасы – 35 млн теңге.
- ипотека – 28 млн теңге;
- алғашқы жарна – 7 млн теңге;
- ай сайынғы төлем – 308 мың теңге;
- алғашқы жарнаны қосып есептегенде қажет болатын барлық сома – 81 млн теңге;
- үстінен төлейтін сома – 46 млн теңге;
- отбасының ортақ табысы – 617 мың теңге.
- Пәтер бағасы – 27 млн теңге.
- ипотека – 21,6 млн теңге;
- алғашқы жарна – 5,4 млн теңге;
- ай сайынғы төлем – 238 мың теңге;
- алғашқы жарнаны қосып есептегенде қажет болатын барлық сома – 63 млн теңге;
- үстінен қосып төлейтін сома – 35 млн теңге;
- отбасының ортақ табысы – 476 мың теңге.
- Пәтер бағасы – 20 млн теңге.
- ипотека – 16 млн теңге;
- алғашқы жарна – 4 млн теңге;
- ай сайынғы төлем – 176 мың теңге;
- алғашқы жарнаны қосып есептегенде қажет болатын барлық сома – 46 млн теңге;
- үстінен қосып төлейтін сома – 26 млн теңге;
- отбасының ортақ табысы – 352 мың теңге.