Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтардың заңсыз рәсімделген несиелері кешірілетін болды

Егер азамат несие алудан ерікті түрде бас тартса, бірақ осы кезеңде оған несие заңсыз ресімделген болса, онда кредитор-банк немесе МҚҰ қарызды есептен шығаруға міндетті болады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
07.08.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Фото: securelist.ru

Фото: securelist.ru

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.

1 қыркүйектен бастап несие алудан ерікті түрде бас тартуға байланысты қорғау жүйесі күшіне енеді. Қазақстан азаматтары үшін мұндай құқық заң жүзінде 2024 жылдың ақпанда енгізілді. Осы заңнамалық норманың жеті айында 400 мыңға жуық азамат алты ай мерзімге несие алудан өз еркімен бас тартуды ресімдеді.

Банк немесе МҚҰ несиелік бюролардан деректерді сұрай отырып, шектеу белгісін көреді және автоматты түрде клиентке қарыз бермеу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте шектеу ломбардтарға, сондай-ақ өз клиенттерінің кредиттік тарихын бағаламайтын басқа ұйымдарға қатысты емес.

Осылайша, 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қарыз алушы кредитті ресімдеуге ерікті бас тарту болған кезде кредиттік ұйым берген кредитті өтеуден босатылады.

Сонымен қатар, тағы бір жаңалық. 2024 жылдың1 қазанынан бастап заңмен банктер мен МҚҰ кредитті ресімдеуге келіп түскен өтініштер бойынша мәліметтерді нақты уақыт режимінде кредиттік бюроға беру міндеті енгізіледі. Мұндай норма «кредиттік шопинг» деп аталатын – бір мезгілде бірнеше кредиттік ұйымдарда қарыздарды ресімдеуді болдырмау үшін белгіленді.

Айта кетейік, Антифрод — орталықты құру жөніндегі жоба құқық қорғау органдарымен және қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп іске асырылды. Бұл қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылған технологиялық платформа. Антифрод-орталықтың жұмысы алаяқтық операциялар бойынша, оның ішінде тиісті таңбалаумен күдікті операциялар бойынша нақты уақыт режимінде қаржы нарығының субъектілері арасында деректер алмасуды қамтиды.

Бұдан былай қаржы ұйымдары алаяқтық операцияларды бірден анықтап, бұғаттай алады, алаяқтық белгілерімен операцияларға жедел әрекет ете алады, оның қатысушылары арасында нақты уақыт режимінде ақпарат алмасады.

ҚР Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша, платформа іске қосылған сәттен бастап қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары алаяқтық операциялар бойынша 400-ге жуық қылмыс анықталып, алаяқтық әрекеттерге байланысты шамамен 30 млн теңгенің қаражаты бұғатталды.

Фото: bank-ombudsman.kz
Тегтер: АнтифродБасты жаңалықтарзаңсыз несиеҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz