2024 жылы Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда, дүйсенбі күні аталып өтеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Желтоқсан айында қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне байланысты қосымша демалыс алады. Атап айтқанда:
- Бес күндік жұмыс аптасында: 14, 15 және 16 желтоқсан демалыс күндері;
- Алты күндік жұмыс аптасында: 14 желтоқсан – жұмыс күні, ал 15 және 16 желтоқсан – демалыс.
Сонымен қатар желтоқсан айында бірнеше кәсіби және басқа да мерекелер бар. Бұл мерекелер жұмыс күндеріне немесе демалыс күндеріне сәйкес келсе де, тиісті деңгейде атап өтіледі.
Желтоқсан айындағы кәсіби мерекелер тізімі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес бекітілген:
- 5 желтоқсан – Адвокатура күні;
- 6 желтоқсан – Прокуратура күні;
- 15 желтоқсан (желтоқсанның үшінші жексенбісі) – Энергетика күні;
- 20 желтоқсан – ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні;
- 22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні.