Үй шаруашылығында өндірілетін тағамдардың үштігіне: нан (8,7 млрд тг), бәліш және кондитерлік өнімдері (8 млрд тг), сүт өнімдері (5,1 млрд тг) кіреді.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар жануар майын 3,2 млрд тг, шұжық және ет өнімдерін 2 млрд тг өндірген.
Ауылдағы ағайын аталған өнімнің 82,7% өндіріп, 24,7 млрд теңгеге сауда жасаса, қала тұрғындары 5,2 млрд теңге пайда көрген.
Қазақстан аумағы бойынша бөліп қарастырсақ, Алматы облысының үй шаруашылығы – 6,2 млрд тг, Түркістан облысы – 6 млрд тг, Павлодар облысы – 5,3 млрд тг өнім өндіріп, көш бастады. Бұл көрсеткіштің соңында Маңғыстау облысы (129,9 млн тг) тұр.





