Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық бітімгерлер ротасы Голан жоталарына жетті

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Қазақстан аумағынан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін автокөлікпен жетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.03.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Базаның орналасқан жеріне қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау жөніндегі міндеттерді орындауға арналған әскери техника мен мүлік те жеткізілді. Қазақстандық жасақтың құрамында 139 әскери қызметші бар.

Ұлттық контингенттің жеке құрамы базаға орналасып, жайғасып жатыр. Рота штабы істерді қабылдау және «БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» миссиясы қолбасшысының резервтік ротасының функционалын нақтылау жұмысына кіріседі.

«Бәрі жоспар бойынша іске асырылып жатыр. Жексенбі күні бітімгерлерге жүктелген міндеттерді зерделеу бойынша жеке құраммен сабақтар өткіземіз, ал дүйсенбіде оларды іс жүзінде пысықтауды бастаймыз», — деді қазақстандық бітімгерлік контингентінің командирі подполковник Жігер Аипов.

Бітімгерлік миссияларға қатысу – әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын арттыруға ықпал ететін оқытудың маңызды құрамдас бөлігі. Бұл миссияның ерекшелігі – өз қызметімізді жеке атқаруда болып отыр. Бұрын біздің бітімгерлік контингент басқа елдердің бөлімшелерінің құрамында қызмет еткен болатын.

Бөлімше жауапкершілік аймақтарын патрульдеу, тосқауыл бекеттерді ұйымдастыру, бітімгерлік базаны күзету және бейбітшілік уағдаластықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті сауытты дөңгелекті машиналармен, камаздармен, шағын автобустармен және жол талғамайтын көліктермен жабдықталған.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz