Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы визалық рәсімдерге жаңа өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2024
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің бірлескен бұйрығымен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін шақыру рәсімдері, виза беру және келісу, виза мерзімдерін ұзарту немесе қысқарту ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Енді визаның санаты, мәртебесі, қолданылу мерзімі, сондай-ақ қажетті құжаттар жаңа редакцияда айқындалады. Визалар бір мәртелік және көп мәртелік болып екіге бөлінеді, олардың әрқайсысына сәйкес Қазақстанға кіру, шығу және болу талаптары белгіленген. Виза алушыларға арналған шақыруларды рәсімдеу тәртібі де жаңартылды, соның ішінде жеке істер бойынша шақырулар мен шақыру құжаттарын ұсыну шарттары нақтыланды.

Сонымен қатар, виза рәсімдеуге қажетті құжаттар мен олардың тексерілу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Әртүрлі санаттардағы визаларды алу үшін талап етілетін қосымша құжаттардың тізімі толықтырылды, мысалы, инвесторлар мен іскерлік сапар үшін келісімшарт көшірмесі қажет болуы мүмкін.

Жаңа бұйрық 2024 жылдың 17 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Тегтер: визаҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов проверил готовность системы раннего обнаружения лесных пожаров и оснащенность «Семей орманы»

Николай Иващенко
09.04.2026

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz