ІІМ мәліметінше, қыс мезгілінде жол жағдайы күрделене түсетіндіктен, кейбір учаскелерде қауіпсіздік мақсатында уақытша шектеулер енгізіледі, ал қажет болған жағдайда жолдар толық жабылуы мүмкін.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, қысқы кезеңде автожолдарға 3.24 «Максималды жылдамдық шектеуі» белгісі орнатылған.
«Астана – Щучинск және Астана – Теміртау бағыттарында электронды таблолар қойылды. Олар ауа райы нашарлаған кезде ғана жылдамдықты төмендету туралы ақпарат береді: боранда, көктайғақта және басқа да қолайсыз жағдайларда. Бұл белгілер стандарттарға толық сәйкес келеді және басқа жол белгілері сияқты міндетті түрде сақталуы тиіс», — деді Боранова.
Сонымен қатар, камералар енді тек белгіленген жылдамдықты ғана емес, орташа қозғалыс жылдамдығын да автоматты түрде тіркейді.
ІІМ жүргізушілерді қыс мезгілінде жолда барынша сақ болуға шақырды.





