Елімізге «Қазақтелеком» АҚ жеті мыңнан астам 5G станциясын орнатады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңес отырысында компания басшылығы мәлімдеді.
Компания басшысы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында «МТ-S» ЖШС және «Kcell» АҚ ұсынған операторлар консорциумы 5G енгізу бойынша жиілік аукционында жеңіске жеткен.
«2027 жылға қарай компаниялар еліміз бойынша 7000-нан астам 5G базалық станцияларын орнатуы керек. Биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 390 базалық станция пайдалануға беріледі», – деді компания басшысы.
«Қазақтелеком» мамандарының айтуынша, 2027 жылдың соңына қарай Қазақстан азаматтарының 80 пайызы 5G желісіне қосыла алады.