Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң күшіне енді

18 қаңтардан бастап Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» заң ресми түрде қолданысқа енді. Бұл – елде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдануды реттейтін алғашқы жүйелі құқықтық құжат, деп хабарлайды alataunews.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
18.01.2026
Жаңалықтар

Жаңа заңның негізгі мақсаты – технологиялық дамуды жеделдету мен азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау.

Азаматтардың құқығы мен деректерді қорғау

Заңға сәйкес, Қазақстанда қолданылатын кез келген жасанды интеллект жүйесі бірқатар негізгі қағидаттарға сай болуы тиіс. Атап айтқанда, алгоритмдердің жұмыс істеу тетіктері мүмкіндігінше ашық әрі түсінікті болуы қажет. Сонымен қатар жеке деректердің құпиялылығы мен киберқауіпсіздік мәселелері басымдыққа ие.

Енді азаматтар өз деректерінің жасанды интеллект немесе алгоритмдер арқылы өңделіп жатқаны туралы міндетті түрде хабардар етілуі тиіс. Сондай-ақ, пайдаланушылардың мұндай өңдеуге қарсылық білдіруге құқығы бар.

Жасанды интеллектті қолдануда қандай тыйымдар бар?

Заңда жасанды интеллектті теріс мақсатта пайдалануға қатысты қатаң шектеулер енгізілді. Қазақстан аумағында келесі әрекеттерге тыйым салынады:

  • адамның санасына немесе подсознаниесіне ықпал ететін манипуляциялық технологияларды қолдану;

  • әлеуметтік немесе биометриялық белгілеріне қарай кемсіту;

  • адамның келісімінсіз оның эмоциялары мен сезімдерін анықтау;

  • адамның жасын, денсаулық жағдайын немесе әлеуметтік осалдығын пайдалану арқылы зиян келтіру.

ЖИ-контентті таңбалау және авторлық құқық

Жаңа заңға сәйкес, интернетте жарияланатын синтетикалық контентке, яғни жасанды интеллект көмегімен жасалған мәтіндер мен суреттерге міндетті түрде арнайы таңбалау енгізіледі. Қолданушылар контенттің адам емес, алгоритм арқылы жасалғанын анық білуі тиіс.

Сонымен қатар авторлық құқық мәселесі де нақтыланды. Жасанды интеллект жасаған өнім тек адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана авторлық құқық нысаны ретінде танылады. Ал жасанды интеллектке берілетін мәтіндік сұраныстар – промпттар – авторлық құқықпен қорғалатын объектілер қатарына жатқызылды.

Жауапкершілік кімге жүктеледі?

Заң жасанды интеллект жүйелерін қауіп деңгейіне қарай минималды, орташа және жоғары тәуекелді деп үш санатқа бөледі. Жоғары қауіп деңгейіндегі жүйелерге мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік талаптары қойылады.

Ең бастысы, жасанды интеллект жұмысының нәтижесі үшін оның иелері мен пайдаланушылары заң алдында тікелей жауапты болады.

Тегтер: қазақстанминистрлік

Соңғы жаңалықтар

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

Убийство человека, похищение ребенка и изнасилование: в Алматинской области суд огласил приговор

Николай Иващенко
19.03.2026

12 иностранцев-нарушителей выявлены на строительном объекте в Алматинской области

Николай Иващенко
19.03.2026

В Илийском районе ведутся масштабные работы по озеленению

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz