Мәліметтеріне қарағанда, функционал қазақстандық тауар өндірушілерге өздері өндіретін тауарлардың атауларын көрсетілген Тізілімге ерікті бастамашылық негізінде енгізуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда бірнеше танымал өндірушілер Тізілімге енгізілген.
Көрсетілген белгіге және оны пайдалану тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейтін ұлттық стандарттар әзірленіп қабылданды. Өңірлерде Тізілімнің таныстыру жұмыстары өткізіліп, оны енгізу мақсаттары түсіндірілді.
«Бүгінде «Қазақстанда жасалған» белгісін қазақстандық тұтынушылар отандық өндірістің символы ретінде мойындап отыр. Алайда оны жосықсыз пайдалану фактілері бар. Осыған байланысты дүкендерді қолдау шараларын кейіннен енгізу мақсатында Министрлік пилоттық жобаға бастамашылық жасап, оның барысында барлық мәселелер пысықталатын болады», — деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.