Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда алты айда жарты миллион теңге жуық жалған ақша анықталды

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда жалпы сомасы 465 150 теңге көлеміндегі жалған ақша айналымнан алынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Тәркіленген жалған ақшалардың ішінде 93 банкнота мен 3 монета бар. Ең көп кездескен – 5000 теңгелік жалған банкноталар. Олар 85 дана немесе жалпы тәркіленген ақша көлемінің 88,5%-ын құрады.

Сондай-ақ:

  • 2000 теңгелік жалған банкнот – 5 дана (5,2%),

  • 10 000 теңгелік жалған банкнот – 3 дана (3,1%),

  • Қалған 3,2% – жалған монеталарға тиесілі.

Жалған ақшалар қалай жасалады?

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, жалған банкноталар әдетте түрлі түсті принтермен кәдімгі офсеттік қағазға басылады және компьютерлік техника арқылы жасалады.

«Мұндай банкноталарда микротекстер бұлыңғыр болады және үлкейткішпен қарағанда анықтығын жоғалтады. Патч элементі бояумен жай ғана басылып, көлемді голографиялық әсер бермейді. Күн белгісі сәулесінің шашырауы, номинал цифрының өрнекке ауысуы сияқты қорғаныс элементтері болмайды. Сонымен қатар, қорғаушы жіп түсін өзгертпейді және жарыққа тосып қарағанда тұтас көрінбейді», – деп түсіндірді Ұлттық банк мамандары.

Ұлттық банк кеңесі: жалған ақшаны қалай ажыратуға болады?

Қаржы реттеушісі азаматтарға банкноталарды мұқият қарап шығуды және мынадай белгілерге назар аударуды ұсынады:

  • Қорғаныш жібі жарыққа тосып қарағанда үзілмей көрінуі керек;

  • Номиналдың сандық бейнесі голограммада көлемді және жылтыр әсер беруі тиіс;

  • Микротекстер анық, ұсақ әріптермен жазылған болуы керек;

  • Арнайы голографиялық элементтер түсін бұрышқа қарай өзгертіп тұруы қажет.

Мамандар күмәнді ақша қолға түскен жағдайда оны дереу жақын маңдағы банк бөлімшесіне немесе құқық қорғау органдарына тапсыруға кеңес береді.
Жалған ақша таралуына тосқауыл қою – қаржы қауіпсіздігі мен ұлттық валютаға деген сенімділікті сақтау жолындағы маңызды қадам.

Тегтер: ақшақазақстан

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz