«Әділетті Қазақстанға сенімді қадам — «Байтақ» жаңа партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тарапынан көппартиялы жүйе құру тапсырмасы болды. Айтылды — орындалды! Әділетті Қазақстанның алғашқы партиясы — нағыз халықтың қолдауымен, қоршаған орта жанашырларының басын қосқан, азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған «Байтақ» партиясы», — деп жазды ол Facebook парақшасында.
Бұл ақпаратты еліміздің Әділет министрлігі де ресми растады.