Үкімет Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құру жөнінде қаулыға қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.
«Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын құру», — делінген құжатта.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бөлігі – мұнай төгілуін жою бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асыру.
«Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестік жарғысын бекітуді, сондай-ақ уәкілетті тұлғаны сайлауды қамтамасыз ету жүктелді. Акционерлiк қоғамның атынан мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарға қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға және оны құрудың басқару органдары алдында үшiншi тұлғалардың алдында оның мүдделерiн бiлдiреді», – делінген қаулыда.
Серіктестіктің жарғылық капиталы республикалық меншіктен қалыптасады. «Теңіз Жасағы» АҚ-ның болжамды құны – 187 миллион теңге.