«Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен, Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын», — деді Бектенов
«Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан болашақ дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін барлық әкімдік мамандықтардың өңірлік атластарын жасауы қажет. Әзірге тек 9 өңірде осындай құжаттар бар», — деді премьер-министр.