Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жалақысы ең жоғары жұмыс орындары аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақысы ең жоғары жұмыс орындарын атады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Ведомство мәліметінше, қаңтарда электрон еңбек биржасында жұмыс берушілер 97,3 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 191,1 мың түйіндеме орналастырған. Блытырғы желтоқсанымен салыстырғанда бос жұмыс орындары саны 22,3 мыңға (-19 пайыз) төмендеді, ал түйіндеме саны 132 мыңға (+223 пайыз) өскен.

«Осылайша, қаңтарда жұмыс берушілер тарапынан сұраныс еңбек биржасында өтініш берушілер ұсынысынан екі есе көп болды, бұл жыл басындағы жұмысқа қабылдау үдерістерінің белсенділігі төмендегенін білдіреді», — делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша, қаңтарда түйіндемелер санының өсуі барлық өңірде байқалған, ең аз өсім Астанада (+3,2 мың түйіндеме немесе желтоқсанмен салыстырғанда 56 пайызға өсім) тіркелді. Еңбек нарығындағы ұсыныстың ұлғаюының ең жоғары көрсеткіштерін оңтүстік өңірлердегі жұмыс күшінің профициті көрсетті: Қызылорда облысы (+17,2 мың түйіндеме немесе 531 пайыз), Шымкент (+9,7 мың түйіндеме немесе 401 пайыз) және Түркістан облысы (+27 мың түйіндеме немесе 358 пайыз).

«Ең көп жалақыны өз түйіндемесінде «үлкен деректер маманы» (орта есеппен 1,3 миллион теңгеден жоғары), «бизнес-процестерді оңтайландыру бөлімінің басшысы» (1,2 миллион теңгеден жоғары), сондай-ақ «өндірістік операциялар жөніндегі инженер» (1,2 миллион теңгеден жоғары) көрсеткен.

Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны өндірістік база басшыларына (900 мың теңгеден), инженер-конструкторларға (800 мың теңгеден) және бас құрылысшыларға (790 мың теңгеден) ұсынған», — деді Еңбек министрлігі.

Тегтер: жұмысҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz