Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда ұл балаларды ВПЧ-ға қарсы екпемен қамту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда ұл балаларды адам папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы ерікті түрде вакцинациялау ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Оның айтуынша, бұл мәселені көтерген ата-аналардың өтінішін Денсаулық сақтау министріне жолдаған. Қазіргі таңда Қазақстанда ВПЧ-ға қарсы вакцинаны қыз балалар ғана тегін ала алады. Депутат бұл тәжірибені ұл балаларға да кеңейтуді ұсынады.

«ВПЧ – тек әйелдерге тән вирус емес. Ол жатыр мойны қатерлі ісігінен бөлек, жұтқыншақ, ауыз қуысы және тік ішек ісіктеріне де себеп болуы мүмкін. Бұл ауру ер адамдарда да кездеседі. Көптеген елде ұлдар да қыздармен қатар осы вакцинаны алып жатыр. Біз де дәл осындай мүмкіндік жасауды ұсынамыз – вакцинация ерікті түрде, бірақ қолжетімді болуы тиіс», – деді Аймағамбетов.

Ол қазіргі уақытта бұл екпенің дәріханаларда қолжетімсіз екенін айтып, мемлекет тарапынан вакцинаны ұсыну қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы қолдайды деген үміт білдірді.

«Ұл балалар да қауіп тобында. Олардың денсаулығы да мемлекет назарында болуы керек», – деп түйіндеді депутат.

Тегтер: вакцина

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Николай Иващенко
08.04.2026

Осужденная общественная деятельница Перизат Кайрат отбывает срок и работает в колонии

Николай Иващенко
08.04.2026

Генеративное искусство: в Астане пройдет фестиваль AI-фильмов

Николай Иващенко
08.04.2026

Пожар в акимате Актюбинской области: пострадавших нет

Николай Иващенко
08.04.2026

Токаев приветствует достижение соглашения о перемирии на Ближнем Востоке

Николай Иващенко
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz