Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда тұңғыш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді

Ойындардың ашылу салтанаты алдында Қазақстан су эстафетасын өткізеді. Ол алауды жағу дәстүріне ұқсас болады. Ұйымдастырушылар түсіндіріп өткендей, су киелі нышан, сондықтан торсыққа оны киелі көздерден толтырады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Павлодар облысында мұндай орын Баянауыл ауданында орналасқан. Эстафета Олимпиада алауын жағуға ұқсайтын болады.

«Эстафетаны 29-30 тамызда өткізуді жоспарлап отырмыз. Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылындағы бұлақтан су жинаймыз. Театрландырылған қойылым болады», – дейді дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

Орталық көшелер мен алаңнан суы бар ыдысты алып өтеді, одан кейін 20 адамдық делегациясы бар керуен Астанаға аттанады. Көшпенділер ойындарының ашылу күні батырлар торсықтарды салтанаттың өтетін орнына жеткізеді. Қойылымда киелі судың нақты қалай пайдаланылатыны әлі белгісіз.

Нұрлан Есембаевтың айтуынша, халықаралық турнирді дайындауға еліміздің барлық өңірлері қатысуда. Оңтүстік облыстар жылқымен қамтамасыз етеді. Бұл ретте барлық өңірлер этноауылда бес киіз үйді рәсімдеуі тиіс. Олардың бірінде павлодарлық кәдесыйлар мен туристік әлеует туралы ақпараттар болады.

«Тек спортшыларды, қызмет көрсетуші қызметкерлерді іссапарға жіберуге, даярлауға шамамен 15 миллион теңге жұмсалады. Бірақ одан бөлек мәдениет те бар, олар концерттер жоспарлап отыр, қатысушылар үшін киім тігетін болады», – деп толықтырды Нұрлан Есембаев.

«Көшпенділер» 20 жарыс және он көрсетілімді спорт түрінен медальдарды сарапқа салады. Олар ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, интеллектуалдық ойындар, садақ ату, ұлттық құсбегілік. Павлодарлықтар тоғызқұмалақ пен асық атудан құрамада өнер көрсетуге талаптанды. Біріншісі бойынша іріктеу әлі аяқталған жоқ.

Көшпенділер ойындары екі жылда бір рет өтеді. Оларды үш рет Қырғызстан, бір рет Түркия ұйымдастырды. 2024 жылы турнирге тек тарихи көшпенді елдер ғана емес, басқалары да қатысады.

Тегтер: спорт

Соңғы жаңалықтар

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz