Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны 5 миллион 579,4 мыңға жеткен, деп хабарлайды alataunews.kz.
Тамыз айында ғана 141,5 мың көлік тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,1 пайызға көп.
Тіркелген автокөліктердің басым бөлігі – жеңіл автомобильдер (88 пайыз), ал жүк көліктері – 9,9 пайызды, автобустар – 2,1 пайызды құрайды. Автопарктің құрамында 3 жылдан аспаған көліктердің үлесі 6,2 пайызды, 3-7 жыл аралығындағы көліктер 13,1 пайызды, ал 20 жылдан асқан автокөліктер 44,8 пайызды құрайды.
Ең көп ескі көліктер Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелген (206 мың және 361 мың бірлік), одан кейін Жамбыл, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары көрсеткіштер байқалады.