2024 жылғы 17 қазанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев журналистерге берген сұқбатында Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Министр бұл мәселе Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзіретінде екенін атап өтті. TikTok-ты толық бұғаттау туралы ақпараттың қолда жоқтығын айтты. Егер платформа заң бұзбаса, оның қызметін тоқтатуға негіз жоқ екенін түсіндіріп, заң бұзған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын мәлімдеді.