Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 7 ақпанда қол қойған №39 және №40 бұйрықтарға сәйкес, Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк) және Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор) бағытындағы жолдарда төлем жүйесі енгізілмек.
Ақылы жол учаскелері:
Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк)
Ұзындығы 163 шақырым (М-36 тасжолы, 539-шақырымнан 376-шақырымға дейін).
Балама бағыт: Қостанай – Рудный – Әйет – Ресей шекарасы (Екатеринбург – Алматы тасжолы).
Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор)
Ұзындығы 82,7 шақырым (17-шақырымнан 99+692 шақырымға дейін).
Балама бағыт: Ақтөбе – Ресей шекарасы (Орск).
Төлем жүйесі мен әдістері
Төлем автоматты түрде жүзеге асады – шлагбаумдар мен стационарлық бекеттер болмайды. Аркаларға орнатылған камералар көлік қозғалысын, жылдамдықты және қарқындылығын тіркейді.
Төлем жасау әдістері:
✅ Интернет-банкинг
✅ Терминалдар
✅ Электронды әмияндар
✅ Телефон балансы
✅ Жанармай карталары (E100)
✅ Заңды тұлғалар үшін келісімшарт арқылы төлеу
Алдын ала төлем жасаған жағдайда жол жүру құны төмен болады.
Төлем мөлшерлемесі
Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынбор):
16 орынға дейінгі автобустар, 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 515-600 теңге
32 орынға дейінгі автобустар, 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1040-1220 теңге
32 орыннан жоғары автобустар, 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1545-1820 теңге
10-15 тонна жүк көліктері – 2080-2440 теңге
15 тоннадан жоғары жүк көліктері, тіркемелері бар седельді тартқыштар – 2580-3040 теңге
Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк):
16 орынға дейінгі автобустар, 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1010-1190 теңге
32 орынға дейінгі автобустар, 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 2055-2415 теңге
32 орыннан жоғары автобустар, 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 3065-3610 теңге
10-15 тонна жүк көліктері – 4100-4825 теңге
15 тоннадан жоғары жүк көліктері, тіркемелері бар седельді тартқыштар – 5120-6030 теңге
Аталған өзгерістер 22 ақпаннан бастап күшіне енеді.





