Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда субсидияға онлайн өтінім қабылдайтын портал іске қосылды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінен хабарлады.

01.02.2023
Жаңалықтар

СБМАЖ субсидияға өтінімдерді ресімдеу кезінде фермерлер үшін балама ретінде әзірленді.

«Өтінімді беру, субсидияны өңдеу және алу gosagro.kz порталында жүзеге асырылады. Жүйе толық автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетеді. СБМАЖ арқасында фермерлердің субсидияны алғанда қосымша анықтамалар ұсынып, оны растаудың керегі болмайды. Өйткені портал басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, соның ішінде жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ «алқаптар картасымен» біріктірілген», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ инвестициялық субсидиялар бөлігінде құрылыста мемлекеттік сараптама жүргізу туралы деректерді алу үшін «E-ЖСҚ» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары басталды.

«Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір беріп, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бюджет фермердің тарапынан қосымша әрекетсіз «күту парағында» өтінімдердің кезектілігі бойынша ғана бөлінеді. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды. «Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және қаржының бөлінуін күтеді», — деп жазылған хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрлігі порталды пайдаланушыларға ыңғайлы қызмет көрсету үшін бар күшін салады. Барлық туындаған қате мен ұсыныстар қысқа мерзімде пысықталады.

Сұрақтар бойынша +7(7172)67-71-17 нөміріне немесе gosagro@minagri.gov.kz электронды поштасына, //t.me/gosagrokz арнасына хабарласуға болады.

Тегтер: АШМонлайнпорталсубсидия

Соңғы жаңалықтар

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

В Конаеве ведется строительство системы очистки сточных вод

Николай Иващенко
19.03.2026

Системная работа в рамках проекта «Алатау аманаты»

Николай Иващенко
19.03.2026

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz