2024 жылғы 14 қазанда Мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда алдағы уақытта сұранысқа ие болатын жаңа мамандықтардың тізімін таныстырды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Министрдің айтуынша, болжау үш кезең бойынша жүргізіледі: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Қысқа мерзімді болжау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жұмыс берушілердің өтінімдеріне негізделсе, ұзақ мерзімді болжам болашақта пайда болатын жаңа салаларға бағытталған.
Тізімге жасанды интеллект мамандары, атом электр станциясының жұмысшылары, блокчейн технологиялары бойынша мамандар, IT дизайнерлері, бағдарламашылар және цифрлық егіз әзірлеушілер секілді мамандықтар енгізілген.