Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда ресми жұмыс істейтін шетелдіктердің саны жарияланды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда ресми түрде тіркелген шетелдік жұмысшылардың санын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі — ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 671 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады — тиісінше олар 5 871 және 595 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар. Оларда 456 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2 пайызы.

  • Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 326 адам (33,5 пайыз),
  • өңдеу өнеркәсібі – 1 370 адам (10,6 пайыз),
  • тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 298 адам (10 пайыз),
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 843 адам (6,5 пайыз),
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 600 адам (4,6 пайыз).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 4 045 адам (31,4 пайыз),
  • Үндістан – 1 152 адам (8,9 пайыз),
  • Түркия – 1 110 адам (8,6 пайыз),
  • Өзбекстан – 673 адам (5,2 пайыз).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23 пайызы немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Тегтер: шетел азаматтары

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz