ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күндерін ауыстыруды көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Министрдің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі күнгі демалыс 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.
Бұл өзгеріске байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2025 жылы 1-4 қаңтар аралығында, ал алты күндік жұмыс аптасы бар азаматтар 1-3 қаңтар аралығында демалады.
«Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын тиімді ұйымдастыруға және азаматтардың демалысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді,» – делінген құжатта.