ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында мектептерде психологтардың жетіспеушілігі, сондай-ақ мамандардың біліктілік деңгейі талқыланды.
«Шын мәнінде психолог дәрігер емес. Суицид превенциясы бойынша жұмыс істеу үшін, суицидтік мінез-құлқы бар адамдарға көмек беру үшін психологтарды қосымша тар ауқымдағы маман ретінде дайындау қажет», — деді Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.